"Жанар Хамитовамен орындаған бұл әнді менімен дуэт болып орындауға ешкімнің батылы бармайды": Абу Кай - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жанар Хамитовамен орындаған бұл әнді менімен дуэт болып орындауға ешкімнің батылы бармайды": Абу Кай

"Жанар Хамитовамен орындаған бұл әнді менімен дуэт болып орындауға ешкімнің батылы бармайды": Абу Кай

Жанар Хамитова көп жылғы үзілістен кейін "Армандаймын" атты әнін жас әнші Абу-Каймен дуэт болып орындаған еді. Алайда бұл ән орындаушысымен бірге келмеске кеткен сияқты.

  • 18 Ақпан 2020
  • 132
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды  Caravan.kz  медиа-порталы.

Жанармен осы дуэтінен кейін Абу-Кайдың шығармашылығы біраз тоқтап қалды. Себебі оған Жанардың өмірден кеткені қатты соққы болды.

Абу-Кай:

"Жанардың өмірден кетуі мен үшін соққы болды. Біраз уақыт бәріне қол үзіп, кідіріп қалдым. Жанар туралы ән шығарсам ба екен деп ойладым. Бірақ ойласа келе достарыммен оны болашақтың еншісіне қалдырдық. Біраз жарыққа шықпаған әндерім бар тақырыптары да шамалы ойландырып тастайды. Бұйыртса жарыққа шығады ғой" —деді.

Жанар мен Абу-Кайдың "Армандаймын" әнінің тұсауы алғаш рет "Астарлы ақиқат" бағдарламасында кесілген еді. Ән бірден көрермендерге ұнады. Көпшілік ол әнге бейнебаян түсіруді сұраған. Сиви Махмуди бейнебаян түсіріп беруге уәде еткен алайда ол тек сөз жүзінде қалған. 

Абу-Кай:

"Жанардың көзі тірісінде берілген уәде еді бұл әнге бейнебаян түсіріледі деген. Бірақ бейнебаян түсірілген болса, ол қазіргі таңда айналымда жүрген болмас па еді? Құр уәделерге алдандық қой. Енді менің де сөзім құр болып қалмасын деген оймен өзім қазір кірісіп жатырмын. Бірақ бір айта кететін нәрсе осы әнді  орындайықшы деп ұсыныс жасаған өнердегі әпке-қарындастарымыз сескеніп қалып жатыр. Орындауға батылдары бармайтындарында айтып жатқандар бар. Тіпті айтады-ау деген әпкелерім үнсіз, жауапсыз қалып жатыр. Соған қарағанда қатты қорқатын сияқты. Бұл тағдыр Жанардың маңдайында бар нәрсе, ол әнге келіп тірелген ештеңе жоқ. Сол себепті менімен юірге ән орындауға қорықпаңыздаршы"- деп сұрады.


Ең қызығы Жанардың соңғы дуэті Абу-Каймен емес Рысбек Аташпен болған еді. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. 

" Жанармен орындаған әнді қайтадан орындауға ешкімнің батылы бармаса, дәл осылай тарихта қалатын шығар"-дейді Абу-Кай.