Жанар- жағар май нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты болуы мүмкін - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар- жағар май нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты болуы мүмкін - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

Жанар- жағар май нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты болуы мүмкін - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жанар- жағар май нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты болуы мүмкін. Мұндай пікірді бүгін парламентте өткен "үкімет сағаты" кезінде табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Мамыр 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Жанар- жағар май мәселесі аса күрделі», — деп мәлімдеді Н. Алдабергенов, депутаттардың тиісті сауалдарына жауап бере отырып.

Ол атап өткеніндей, бүгінгі кезде жанар-жағар май нарығын реттеу мәселесі бәсекелестікті қорғау агенттігінің құзырында .

«Менің пікірімше, біздегі бар тәжірибе бойынша мұнайды шығару құнына қарап, оны өңдеу зауыттарына дейін тасымалдау бағасын есептеп шығару керек «, — деді Н. Алдабергенов.

«Одан кейін тұтынушылар арасында таратылады. Тұрақталған тәжірибе бойынша олар оны делдалдар болып отырған өздерінің аффилиирлік компанияларына тапсырады», — деп түсіндірді ол.

«Бұл менің болжамдарым, көбінесе баға ымыраласа белгіленіп, бір бағаны ұстап тұруға бағытталған келісілген іс қимылдар қолға алынып, кейбір заң бұзушылықтарға жол беріледі «, -деп атап өтті ТМРА басшысы.

Сонымен қатар оның пікірі бойынша,»нарықты жанар- жағармаймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару керек».

«10 пайыз көлеміндегі кез келген тапшылық бір мезетте бағаның өсуіне әкеледі. Бұл жағын жергілікті атқарушы органдар бақылауы керек «, — деді Н. Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті