Жанармай бағасы 150 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай бағасы 150 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін!

Жанармай бағасы 150 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін!

Бүгін бензин де доллардың артынан еркін айналымға кетті! Жанармайдың халық көп тұтынатын АИ 92 мен 93 маркаларының бағасын Үкімет енді қадағаламайды. Оны нарықтың өзі реттеуі тиіс деп шешіпті шенеуніктер. Ал нарық бір минутқа да күткен жоқ. Сағат төртте үлкен баспасөз мәслихатының өткені сол еді, іле шала жанармай бекеттеріндегі табло да өзгеріп шыға келді. Әзірге баға 130 теңгеге көтерілген. Бірақ 150 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін. Мұны Энергетика министрінің өзі айтып отыр.  

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 473
Фото - Caravan.kz

Жұртқа бензиннің бағасын қадағалаудан бас тартқандарын жеткізу үшін премьердің орынбасарынан бастап Энергетика министрі мен «ҚазМұнайГаздың» да басшысы келді. Үкімет көп ойланып, бүгін теңгенің соңынан жанармай құнын да еркіндікке жіберуді ұйғарыпты. Әйтпесе, кәсіпкерлеге Ресейден бензин тасымалдауда тиімсіз болып қалған көрінеді.  Ал, еліміз импортқа тәуелді.

Бақытжан Сағыньаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

— Үкіметтің отырысы болып өтті. Онда негізгі қаралған мәселе – бұл жанар-жағармайдың кейбір түріне мемлекеттік реттеуден бас тартуы туралы, 1 млн. 100 тонна бізде жетіспеушілік бар. Оны Ресейден алып отырмыз, 1 млн тоннаның үстінде. 75 мыңын Қытайдан аламыз.

Яғни, енді мемлекет жұрт жиі тұтынатын АИ-92, 93 бензинінің  бағасын белгілеуге араласпайды. Бүгінге дейін бұл маркалы жанармай 108 теңге тұрған. Кәсіпкерлер Ресейден 97 теңгеден әкелген екен. Ал, доллар бағамы қымбаттаған соң ол 120 теңге көтеріліпті. «Ескі бағамен ешкім Қазақстанға бензин тасымалдамайды» дейді шенеуніктер. Сондықтан Энергетика министрі жанармайдың жаңа бағасына болжам жасады.


Владимир Школьник, Энергетика министрі:

— Бағаның көтерілетіні анық. Бірақ, нақты қанша болатыны белгісіз. Мүмкін 140, мүмкін 150  теңгемен тұрақтайды. Бәрі нарықтағы жағдайға байланысты.

Ал, бағаны шектен тыс шарықтатқан кәсіпкерлерді жазалаймыз деп сендірді шенеуніктер. Сондай-ақ, Үкіметтегілер бензин күн санап құлдырап жатқан мұнайдың бағасына емес, доллардың бағамына байланысты екенін ескертті. Ал, Қазақстан тек 2017 жылы Ресейдің бензиніне деген тәуелділіктен құтылады екен. Екі жылдан соң ғана еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталмақ. 

Ал АИ-80 мен дизельдік отынның бағасы қымбаттамайды деп сендірді шенеуніктер. Ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілетін жанармай құны да өзгермейді. Қазір, жалпы еліміздегі қоймаларда  200 мың  тонна бензин бар. Бірақ, бұған арқа сүйеуге болмайды. Егер Ресейден қосымша жанармай тасымалдамасақ, қыркүйектің соңында-ақ дефицит болады екен.

Соңғы жаңалықтар