Жанармай бағасын негізсіз көтерген “ҚазМұайГаз” бен “Гелиос” компанияларына қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай бағасын негізсіз көтерген “ҚазМұайГаз” бен “Гелиос” компанияларына қатысты іс қозғалды

Жанармай бағасын негізсіз көтерген “ҚазМұайГаз” бен “Гелиос” компанияларына қатысты іс қозғалды

Жанаржағармай бағасын көтергендер жазаланбақ. Нарықтағы соңғы өзгерістерге байланысты Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қаржы полициясымен бірге бензин сатушыларды тергей бастады. Қазір кәсіпкерлердің құжаттары тәркіленіп, тексерілуде.

  • 19 Шiлде 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл жұмыс барысында бір-бірімен заңсыз келісімге келіп, сұйық отынды сатуға шектеу енгізген саудагерлер анықталады. Қазірдің өзінде мамандар тексерудің алдын ала қорытындысын шығарып отыр. Оған сәйкес жанар-жағармайдың қымбаттауына экономикалық негізі бар ешқандай себеп табылмады. Сондай-ақ бірқатар аймақтарда дизельді отын мен АИ-80 маркалы бензин тапшылығын қолдан жасау фактілері әшкереленді. Тергеушілердің назарына 70 шақты компания іліккен, олардың қатарында «Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ мен «Гелиос» ЖШС де бар. Монополистер тұтынушылар құқықтарын бұзды деп айтыпталуда. Егер кінәлары дәлелденетін болса, кәсіпкерлер әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Әкімшілік Кодекске сәйкес заңбұзушылық орын алған кезде алынған табыстың 20 пайызы айыппұл ретінде қазынаға төленуі тиіс. Ал егер үлкен шығын тіркелсе, пайдақорлар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады. Тиісті іс-шаралардың нәтижесінде жанар-жағармай құю станцияларында бензин бағасы арзандауы да мүмкін. Қазірдің өзінде отын нарығындағы жағдай түзеле бастады.


Еркеғали Әлімқұлов, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары:

-Бірқатар өңірлерде талонмен сатып жатқан, қолма-қол бензин сатуды азайтып отырған фактілерді анықтағанбыз. Осы біздің тергеу жұмыстары басталғаннан бері бірқатар өкірлерде жанар-жағармайды шектеп сатып отырған компаниялар өнімді тұтынушыларға өткізе бастады.

Соңғы жаңалықтар