Жанар-жағар май нарығындағы жағдай жақын арада тұрақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар-жағар май нарығындағы жағдай жақын арада тұрақталады

Жанар-жағар май нарығындағы жағдай жақын арада тұрақталады

Қазақстан нарығындағы жоғары октанды жанар-жағар майына қатысты жағдай жақында тұрақталады,

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 536
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді  ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумында  ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

«Ресеймен келісімшарттар жасастық. Жанар-жағар майды тасымалдау қыркүйек айынан басталды.  Мұны оң бағыт алған нарықтағы жағдайдан да көруге болады. Тапшылық бұрын болған, әлі де байқалуда. Шамамен 30 пайыз. Оны Ресей есебінен жабуымыз қажет. Бастысы мұнай өнімдері Ресейден тасымалдана бастады», — деді Ұзақбай Қарабалин.

Сонымен қатар, Қарабалиннің сөзіне қарағанда,  жанар-жағар майдың құны әзірге өзгеріссіз қалады.