Жарияланды: 550

Жанар-жағармайдың шекті бағалары белгіленді

Жанар-жағармайдың шекті бағалары белгіленді

ҚР Мұнай және газ министрлігі маусым айында жанар-жағармайдың шекті бағаларын 3-тен 7%-ға дейін өсіммен белгіледі.

«АИ-92/93 маркалы бензиннің шекті бағасы литрі үшін Т102, АИ-80 - Т84, дизельотыны- Т88 деп белгіленді», - деп хабарлады агенттікке сәрсенбі күні кешке МГМ. Еске сала кетейік, МГМ осының алдындағы айда белгілеген шекті бағалары АИ-92/93литрі үшін Т99, дизотын- Т82,АИ-80 - Т80 деп белгіленген болатын. Бұған дейін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев хабарлағандай, министрлік кеңінен қолданылатын АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауына жол бермеу шараларын қолға алады. Оның айтуынша, Қазақстанда және Ресейде АИ-92/93 бензиндерінің баға айырмашылығы ҚР-да аталған бензин түрлерінің қымбаттауына алып келуі мүмкін. МГМ ай сайын әлеуметтік маңызды ЖЖМ түрлерінің шекті бөлшек бағасын беглгілейді, бірақ мұнай өнімдерін өндірушілер үшін көтерме бағаны шектемейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть