Жанар-жағармайдың шекті бағалары белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар-жағармайдың шекті бағалары белгіленді

Жанар-жағармайдың шекті бағалары белгіленді

ҚР Мұнай және газ министрлігі маусым айында жанар-жағармайдың шекті бағаларын 3-тен 7%-ға дейін өсіммен белгіледі.

  • 2 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

«АИ-92/93 маркалы бензиннің шекті бағасы литрі үшін Т102, АИ-80 — Т84, дизельотыны- Т88 деп белгіленді», — деп хабарлады агенттікке сәрсенбі күні кешке МГМ.

Еске сала кетейік, МГМ осының алдындағы айда белгілеген шекті бағалары АИ-92/93литрі үшін Т99, дизотын- Т82,АИ-80 — Т80 деп белгіленген болатын.

Бұған дейін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев хабарлағандай, министрлік кеңінен қолданылатын АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауына жол бермеу шараларын қолға алады. Оның айтуынша, Қазақстанда және Ресейде АИ-92/93 бензиндерінің баға айырмашылығы ҚР-да аталған бензин түрлерінің қымбаттауына алып келуі мүмкін.

МГМ ай сайын әлеуметтік маңызды ЖЖМ түрлерінің шекті бөлшек бағасын беглгілейді, бірақ мұнай өнімдерін өндірушілер үшін көтерме бағаны шектемейді.

Соңғы жаңалықтар