Жанашыр жандар жалғызбасты мүгедек зейнеткерге көмектесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанашыр жандар жалғызбасты мүгедек зейнеткерге көмектесті

Жанашыр жандар жалғызбасты мүгедек зейнеткерге көмектесті

30 шілдеде «Караван» газетінде зейнеткер Галина Варфоломееваның жағдайы туралы ақпарат шықты. Бұл жаңалыққа бей-жай қарамайтын партия мүшелері бірден үн қатты.

  • 6 Тамыз 2020
  • 66
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Галина Варфоломеева 77 жаста, 2-ші топтағы мүгедек. Алматы қаласында 1961 жылдан бері тұрады. Ал 2000 жылы Күйеуі қайтыс болған соң, 2000 жылдан бері жалғыз тұрып келеді.

Партия мүшесі қиын жағдайда қалған зейнеткер туралы жаңалықты газеттердің бірінен оқыған кезде, шетте қала алмады. «Nur Otan» партиясының мүшесі Асқар Білісбеков бірден Галина Алексеевнаның тұрғылықты жері бойынша үйіне барып, жағдайымен танысты. Зейнеткердің 3-ші қалалық емханада онкологиялық індеттен емделіп жатқаны, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін ескі үйде тұратыны анықталды.

Өз кезегінде партия мүшесі тұрғын үйді жөндеуді өз мойнына алды: жылы еден төсеп, су құбырын өткізді және жаңадан шатыр салуға көмектесті. Сонымен қатар, кәсіпкер өз қаражатының есебінен 100 000 теңгені Г.Варфоломееваға табыстады.

«Біз бірден апаға келіп, бәрін қарап шықтық. Бірінші болып су құбырын өткізу мәселесі тұрды.Алайда шатырдың да қиылғанын көргенде, біз «Exclusive Qurylys» серіктестерімен бірге көмектесуге шешім қабылдадық. Жылдам реакцияның арқасында барлық жұмыстар 2-3 күнде аяқталды»,- деді Асқар Білісбеков


Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Жұмабаев 6 түрлі азық-түлігі бар себетті табыстады.

«Мен ешқашан көмек сұрап көрмеппін. Әрқашан бәрін өзім жасадым. Бірақ кәрілік деген осы екен, зейнетақым да аз. Көп нәрсеге қаражатың жетіспейді. «Nur Otan» партиясына қиын сәтте тез жауап беріп, жылы үй туралы арманымды орындағандары үшін үлкен алғысымды білдіремін», — деп Галина Варфоломеева алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар