Жанат Бақыт тікелей эфирге жыланмен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанат Бақыт тікелей эфирге жыланмен шықты

Жанат Бақыт тікелей эфирге жыланмен шықты

Әріптесім Жанат Бақыт КТК-ның намысын қорғап, тірі жыланнан да қорықпай тікелей эфирде жаңалықтарды оқып шықты.

  • 24 Қаңтар 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

Мұндай қорқынышты сынақты Жанат «Тойbeststar» бағдарламасында бастан өткерді. Шоуды ұйымдастырушылар оның мойнына мұздай жыланды іліп қана қоймай, үстіне су шашып ыстық фенмен де жан-жақтан бетін күйдірді. Өткір де өзекті жаңалықтарды күнделікті айтып үйренген тележүргізушінің жанұшырар кедергілерден қалай өткенін білгіңіз келсе, осы сенбі күні сағат тура түнгі 12-де басталатын «Тойbeststar» ойын-сауық бағдарламасын жіберіп алмаңыз. Одан бөлек әнші Нұржан Керменбаев тұңғыш рет өзінен 6 жас кіші  келіншегі туралы айтып бермек. Ал «Азия» тобының әншісі Ербол бозкілемде қыздармен жұдырықтасатын болады.