Жанат Жақиянов Eurasia Pacific Boxing Council турнирінде WBC нұсқасы бойынша чемпион атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанат Жақиянов Eurasia Pacific Boxing Council турнирінде WBC нұсқасы бойынша чемпион атанды

Жанат Жақиянов Eurasia Pacific Boxing Council турнирінде WBC нұсқасы бойынша чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Минскіде өткен Eurasia Pacific Boxing Council турнирінде WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанды.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 513
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы СҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жанат Жақиянов пен грузиялық Гага Эдишерашвили жекпе-жегі бірінші раундта-ақ аяқталды. 30 жастағы қазақстандық боксшы Грузия өкілін нокаутқа жіберді. Барлығы 10 раунд болуы тиіс еді.

Осылайша, Жанат Жақиянов кәсіби рингте 23-ші рет жеңіске жетті. Оның 16-сын уақытынан бұрын аяқтаған. Жалпы, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби рингтегі 24 жекпе-жекке қатысқан. Эдишерашвили үшін бұл 8 кездесу ішіндегі алғашқы жеңіліс болды.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Англияда Жанат Жақиянов European Boxing Union нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атанған. Ол кездесуде жерлесіміз сол уақыттағы Еуропа чемпионы француз Карим Герфиді нокаутқа жіберген.

«Барлық жеңісімді Қазақстанға арнадым. Дайындалу үшін Манчестерге қайта ораламын, Еуразия және Еуропа чемпионы атағын қорғайтын кездесу бар алда. Ол 12 қарашада Австралияда өтеді. WBC рейтингісінде екінші орындамын. Осы жеңістен кейінгі мақсатым — әлем чемпионы атағына үміткер болу», — деді жекпе-жектен кейін Жанат Жақиянов.



Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера