Жанат Жақиянов кәсіпқой бокстағы 20-шы жекпе-жегін никарагуалық Мишел Эскобармен өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанат Жақиянов кәсіпқой бокстағы 20-шы жекпе-жегін никарагуалық Мишел Эскобармен өткізеді

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокстағы 20-шы жекпе-жегін никарагуалық Мишел Эскобармен өткізеді

Бүгін Ұлыбританияның Белфаст қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов никарагуалық Мишел Эскобармен рейтингтік жекпе-жек өткізеді.

  • 28 Маусым 2013
  • 446
Фото - Caravan.kz


 Қазіргі таңда Испанияда тұратын қарсыласы бұған дейін 15 кездесу өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жетіп, сегізінде жеңіліс тапқан болатын. Кәсіпқой бокста ол 2009 жылы 13-ші маусымдағы тұңғыш жекпе-жегіндегі жеңілістен кейін қатарынан 7 рет басым түсіп, одан кейін 7 рет жеңілістің дәмін татқан еді. Соңғы кездесуін 14-ші маусымда Францияда жергілікті боксшы Гуиллауми Френойспен өткізіп, тағы да тауы шағылды. Ал кәсіпқой бокс рингінде 2007 жылдан бері бақ сынап келе жатқан Жанат Жақиянов болса осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізіп, тек 1 рет ғана жеңілістің ащы дәмін татты. Онда да Алматы мен Шымкент қалаларында өткен 5 жекпе-жектен кейін, қатарынан 9 кездесуде жеңіліссіз келе жатқан тәжірибелі Сахиб Уразовқа сырт алаңда есе жіберді. Одан кейін қатарынан 14 кездесуде қарсыластарын шақ келтірмеген Жанат 2012 жылы 11-ші желтоқсанда ұйымдастырылған жекпе-жегін Гонконгта Эриу Диаз Сирегармен өткізді. Қазақстандық былғары қолғап шебері 8 раундтық бұл кездесуде индонезиялық қарсыласын 2-ші раундта сұлатып салды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера