”Жаназадан бұрын болатын қонақ асы “қонақ күту” дегенге сайып бара жатқан сияқты” - Тіл маманы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жаназадан бұрын болатын қонақ асы “қонақ күту” дегенге сайып бара жатқан сияқты” - Тіл маманы

”Жаназадан бұрын болатын қонақ асы “қонақ күту” дегенге сайып бара жатқан сияқты” - Тіл маманы

Тіл маманы Назгүл Қожабек жаназадан бір күн бұрын болатын қонақ асы туралы сөз етті.

  • 12 Желтоқсан
  • 10
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше қонақ асы “қонақ күту” дегенге сайып бара жатқандай.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Осы біздің кісі жерлеу салтымызда бір бұрмаланып кеткен нәрсе бар. Жаназадан бір күн бұрын қонағасын береміз ғой. Соны бір «қонақ» сөзімен байланыстырып, «қонақ асы» деп ұғып кеткен сияқтымыз. Меніңше болғанда, ол «қонағасы» — «қонаға» деген сөзден шығады, яғни, сүйекті оң жаққа қойып, шаңырағына бір қондыратын түн деген сөз сияқты. Әйтеуір, өзіміз солай деп келдік, алайда жұрттың көбіне «қонақ асы» деп жазғанына қарасам, «қонақ күту» дегенге сайып бара жатқан сияқты.
Этнограф, дін мамандары осыны бір тарқатып көрсе.

Қонақ асы — қисынсыз көрінбей ме?”, — деп жазды тіл маманы.

Перейти к новостям спорта