Жаңажылдық дастарқаннан ас ішу күнә ма?  - kaz.caravan.kz
  • $ 525.11
  • 546.74
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңажылдық дастарқаннан ас ішу күнә ма? 

Жаңажылдық дастарқаннан ас ішу күнә ма? 

Жаңа жыл жақындаған сайын мұсылмандарға бұл мерекені тойлауға болмайтыны жиі талқыға түседі. Бұл тақырыпта әлеуметтік желі пайдаланушыларының пікірі екіге бөлінеді, бірі мұны қате пікірге теңесе, енді бірі жаңа жыл тойлауға үзілді-кесілді қарсы. Мұсылман халқына Жаңа жыл мерекесіне орай дастарқан жайып, тойлауға бола ма?

  • 31 Желтоқсан 2024
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әрбір халықтың діни мерекесінен бөлек, ұлттық, мемлекеттік атаулы күндері тойланатын күндері бар. Жаңа жыл да осындай күндердің қатарына кіреді. Ол әр елде ұлттың салт-дәстүріне сай тойланады. Дегенмен Жаңа жылдың басты белгісі саналатын — безендірілген шырша, жаңажылдық дастарқан, сыйлықтар — бәріне ортақ. 

Дін не дейді?

Ислам діні бойынша мұсылман халқында тек екі мереке бар, олар ораза және құрбан айттары. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлының айтуынша, Құран кітаптың «Мәида» сүресі 48-аятында «Сендерден әрбір (үммет) үшін шариғат және жол белгіледік» деп жазылған.

Дін өкілі ең алдымен үйге шырша қойып, оны безендіру қайдан шыққанын түсіндірді.

«Үйде шырша құру дәстүрі XVII ғасырдың басында Еуропада пайда болған деседі. Ал қазақ жерінде бұл дәстүр Кеңес үкіметі кезінде орныға бастады. Өткен ғасырдың 20-жылдарында большевиктер «ескі режимнің дәстүрі» ретінде шырша қоюға және жаңа жылды тойлауға тыйым салған болатын, бірақ кейін оған қайта рұқсат берілді. Алғаш рет Кремль шыршасы 1954 жылы орнатылыпты, күні бүгінге дейін сол дәстүр жалғасып келеді. Шыршаны қасиеттеу, ұлықтау адамның діни сенімін бұзуы мүмкін», — дейді маман.

Елбек Тасболатұлының сөзінше, шырша құрып, оны безендіру мұсылман халқына жат. 

«Ертеде адамдар ағашқа тамақ іліп қойса, аңшылардың қанжығасы майланады деп санаған. Жаңа жыл күні адамның келер жылғы тағдыры шешіледі және шыршаның алдында қандай тілек тілесең, сол орындалады деп сенген. Дегенмен жаңа жылдың белгісі ретінде үйге шырша құру, оны безендіру бұрын біздің дәстүрде болмаған. Үйіне шырша тігіп, «Аяз ата келіп, сыйлық береді» деп ата-аналар балаларын алдамаған», — деді дін өкілі.

Сондықтан маман әдеп-ғұрпымызда болмаған, шариғатымызда бұйырылмаған жаңа жыл қарсаңында үйде шырша құру әдетінен барынша арылған жөн екенін ескертті.

Жаңажылдық дастарқаннан ас ішу күнә ма?

Бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің өкілдері жауап берді.

«Жалпы жаңа жыл діни мереке емес. Алайда үй-ішіңіз дастарқан жайып жатса, ондағы ас адал әрі арақ-шарап сияқты шариғатқа қайшы арам етілген нәрселер болмаса, дастарқан басына отырмай, кетіп қал деп айта алмаймыз», — деді ҚМДБ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ өкілдері «домбыра — харам» деген даулы мәлімдемеге пікір білдірген еді.