Жандарбек Мәлібеков: «Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік рәміздеріміз мақсатымыздың көрінісі ретінде халықтың бірігуіне ықпал етті». - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жандарбек Мәлібеков: «Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік рәміздеріміз мақсатымыздың көрінісі ретінде халықтың бірігуіне ықпал етті».

Жандарбек Мәлібеков: «Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік рәміздеріміз мақсатымыздың көрінісі ретінде халықтың бірігуіне ықпал етті».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттілік рәміздері» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

  • 1 Маусым 2022
  • 4
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.
Жиынға қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихын, жастарды тәрбиелеудегі рөлін, қоғамда мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін құндылықтарды нығайту мәселесін талқылады.

«Мемлекеттік рәміздер ел имиджінің құрамдас бөлігі, азаматтардың патриотизмін білдірудің, бүкіл қоғамды топтастырудың факторы. Конференция барысында саяси рәміздердің рөлі туралы мәселелерді талқылау ұсынылады», — дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

«Мемлекеттік рәміздеріміз халқымыздың бірлік, ашықтық пен бейбітшілік, ұлттық дәстүрлер мен жасампаздыққа ұмтылыс сынды сан ғасырлық рухани құндылығын бейнелейді. Дәл осы идеологиялық тұжырымдама мемлекеттік рәміздерімізге енгізілген. Оның құндылығы жастарға дұрыс жеткізіліп, қазақстандықтар үшін басты бағдар болып қала беруі өте маңызды. Сонда ғана мемлекет дамуда табысқа жетеді», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары 
Әлкей Марғұланұлы
.

Мемлекеттік рәміздердің құндылығын қоғамда нығайту тақырыбын жалғастыра келе, Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков ғылыми қайраткерлер, жастар мен мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия құруды ұсынды.
 
«Комиссияда балабақшаларда, мектептер мен ЖОО-ларда мемлекеттік рәміздердің құндылығын тарату, бұл істі ауылда қалай жүргізу және т.б. мәселелер туралы ұсыныстарды талқылап, заңнамалық бастамаларды ұсына алатын едік», — дейді Жандарбек Мәлібеков.

Конференцияны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.