Жаңа әуе компанияда билеттер бағасы арзан болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа әуе компанияда билеттер бағасы арзан болмақ

Жаңа әуе компанияда билеттер бағасы арзан болмақ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Air Astana базасында құрылған жаңа әуе компанияда билеттердің бағасы арзан болатынын мәлімдеді.

  • 7 Қараша 2018
  • 73
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысынан шыққан Жеңіс Қасымбек Air Astana базасында құрылған жаңа әуе компаниясына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Өткен аптада Елбасы Air Astana компаниясының басшылығы мен «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының тәуелсіз директорын қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Air Astana базасында бюджеттік әуе компания құру туралы тапсырма берді. Алдағы жылдың мамыр айында аталған компания өз жұмысын бастайды. Жаңа компанияны құру туралы шешім Air Astana әуе компаниясының директорлар кеңесінде қабылданды», — деді ол.

Осы орайда министр жаңа бюжеттік әуе компанияны құру әлемдік практикада бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, әлемдегі ірі Lufthansa, British Airways, Аэрофлот сынды әуе компаниялардың бюджеттік бөлімшелері бар.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек жаңа әуе компания ішкі бағытқа қызмет көрсететінін хабарлады.

«Жаңадан құрылған әуе компания ішкі бағытқа қызмет көрсетеді. Егер компания дамыса, халықаралық деңгейге шығару мәселесі қаралады. Жаңа әуе компания нақты қандай бағыттарға қызмет көрсететін алдағы уақытта шешіледі», — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол аталған компанияның еншісінде жаңа ұшақтар болатынын жеткізді.


Алдағы жылы Air Astana 8 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Ол Airbus A320 және басқа да маркалы ұшақтар. Тек онда орындықтардың саны аз болады. Ол жаңадан құрылған әуе компанияның еншісінде болады», — Жеңіс Қасымбек.

Сөз соңында министр аталған жаңа әуе компанияда билеттердің бағасы айтарлықтай арзан болатынын атап өтті.

«Біз қызмет көрсету бағасы айтарлықтай арзан болады деп отырмыз. Air Astana берген мәліметке сәйкес, қазіргі таңда «Алматы-Астана» бағытындағы билеттің құны 32 000-34 000 теңге. Ал жаңа әуе компанияда аталған бағыттағы билеттің бағасы 16 000 – 18 000 теңге болмақ. Сонымен қатар жаңа әуекомпанияға үкіметтен субсидия бөлінбейді», — деді Инвестициялар және даму министрі.

Соңғы жаңалықтар