Жаңа экшн-фильм түсіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа экшн-фильм түсіріледі

Жаңа экшн-фильм түсіріледі

Қазақстандық режиссер Жорабек Мұсабаев әйгілі Тимур Бекмамбетовтың ізін қуып, экшн-фильм түсіруді қолға алды. Жаңа кинокартина «Бұл осындай өмір» деп аталады. Бұл жайында «Айқын» басылымының бүгінгі санында жазылған.

  • 16 Тамыз 2012
  • 488
Фото - Caravan.kz


Философиялық мағынаға ие фильм экшн жанрында түсірілмек. Басты рөлді режиссердің өзі сомдайды. Кинофильм «өзгеге ор қазба, өзің түсесің» деген терең мағынаны көрермендерге ұғындыруды мақсат тұтып отыр. Фильмнің негізгі бюджеті 50 миллион теңгені құрайды. Тіпті тың картинаға өзбекстандық мамандар да тартылып отыр. Фильмнің түсіру жұмыстары шырайлы Шымкенттен бастау алып, Алматыда жалғасын табады. Ал қыркүйек айының соңында кинокартина көрерменге жол тартады.