Жаңа ереже бойынша зейнеткерлер тірі екенін растап отыруға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа ереже бойынша зейнеткерлер тірі екенін растап отыруға мәжбүр

Жаңа ереже бойынша зейнеткерлер тірі екенін растап отыруға мәжбүр

Түркіменстанда зейнеткерлер алты ай сайын тірі екенін растау үшін, тіркелу органдарына барып тұруға міндеттелді. Мұндай ереже биыл жаз айында басталған зейнетақы реформасы аясында енгізілген.

  • 30 Қараша 2018
  • 50
Фото - Caravan.kz

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, аталған ереже жарты жыл бұрын енгізілген. Бірақ зейнеткерлер бұл туралы төлем картасына ақша түспей қалғаннан кейін білген.

"Бұл ереже зейнеткерлердің ақшасы төлем карталарына ауыстырыла бастағанда күшіне енген. Бірақ көпшілігі хабардар емес. Зейнеткерлер зейнетақы төлем картасына түскеннен кейін, өздерінің тірі екенін растау керек", — деп жазады жергілікті басылым.

Түркіменстанда биыл 1 шілдеден бастап 70 жасқа дейінгі зейнеткерлер зейнетақысын төлем карталары арқылы ала бастады.


Соңғы жаңалықтар