Жаңа мемлекеттік қызметкерлер Тұңғыш Президент күніне орай ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа мемлекеттік қызметкерлер Тұңғыш Президент күніне орай ант берді

Жаңа мемлекеттік қызметкерлер Тұңғыш Президент күніне орай ант берді

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының бір топ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті.

  • 30 Қараша 2012
  • 655
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны күні ел тарихында бірінші рет қазақстандықтар жалпы халық болып, ынтымақ пен бірлік танытып Қазақстан Президентін сайлаған болатын.

Содан бергі өткен 21 жылда — айтуға аз болғанымен, тарихта ғасырға тең кезеңде тұңғыш Президентіміз — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында біздің еліміз Орталық Азия өңірінде де, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында да алдыңғы қатардағы мақтануға тұратын орынды иеленді. Халықаралық аренада да Қазақстанның мәртебесі өсіп, біздің елімізді барлығы ерекше мойындады. Осының нағыз айғағы ретінде, жақында ғана Астанамыздың Халықаралық «ЭКСПО — 2017» көрмесін өткізу құқығын айқын басымдылықпен жеңіп алғанын айтсақ болады.

Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында да аймақтық көшбасшы болып табылады. Мемлекеттік қызмет саласын одан әрі дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын Мәжіліс жақында мақұлдады.

Аталған заң жобасының қабылдануы мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесін заманауи үрдістерді ескеретін озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған.

Мәжіліс Аппаратының басшысы Үсен Жетенов мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасында әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар, заман талабына сай өркендеген, қарқынды дамушы мемлекет құру қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы, қоғамдағы келісімнің қалыптасуы үшін қажет жағдайлардың барлығы жасалды. Сонымен бірге Елбасының мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді халыққа қызмет етуге бейімдеуге бағытталған қазақстандық мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырғанын атап өтті.

Ант қабылдау салтанатына Мәжіліс Аппаратының 22 мемлекеттік қызметкері қатысты. Салтанатты рәсім соңында бүгін ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жасап жатқан қамқорлығына ризашылықтарын білдіріп, білікті, адал істерімен еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.