Жаңа Мұнай өңдеу зауытын салу біз үшін қымбатқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа Мұнай өңдеу зауытын салу біз үшін қымбатқа түседі

Жаңа Мұнай өңдеу зауытын салу біз үшін қымбатқа түседі

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің пікірінше, бізге жаңа Мұнай өңдеу зауытын салғаннан гөрі қолданыстағы зауыттарды қайта қалпына келтіру тиімдірек.

  • 15 Шiлде 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Неге біз жаңа МӨЗ салып алмаймыз? Екі жыл бұрын біз арнайы тапсырыс беріп, индустриалды бағдарлама шеңберінде жаңа зауыт салған дұрыс па әлде, ескісін қайта қалпына келтірген тиімді ме деген мәселені зерттеп көргенбіз», — деді премьер жұма күні өткен онлайн-конференцияда.

«Заманауи зауыт салу үшін шамамен 6 млрд доллар қажет, қолданыстағы зауыттарды қалпына келтіруге 2,5-3 млрд доллар кетеді. Шығынды салыстыра келе, біз өзіміздегі үш МӨЗ-ын жаңғырту туралы шешім қабылдадық», — деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар