«Неге біз жаңа МӨЗ салып алмаймыз? Екі жыл бұрын біз арнайы тапсырыс беріп, индустриалды бағдарлама шеңберінде жаңа зауыт салған дұрыс па әлде, ескісін қайта қалпына келтірген тиімді ме деген мәселені зерттеп көргенбіз», — деді премьер жұма күні өткен онлайн-конференцияда.
«Заманауи зауыт салу үшін шамамен 6 млрд доллар қажет, қолданыстағы зауыттарды қалпына келтіруге 2,5-3 млрд доллар кетеді. Шығынды салыстыра келе, біз өзіміздегі үш МӨЗ-ын жаңғырту туралы шешім қабылдадық», — деді К.Мәсімов.