Жаңа отау құрған Дәурен Айдарқұлов алғаш рет жеке өмірі жайында айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа отау құрған Дәурен Айдарқұлов алғаш рет жеке өмірі жайында айтты

Жаңа отау құрған Дәурен Айдарқұлов алғаш рет жеке өмірі жайында айтты

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Ақботаның қалы қалай?» деген тілші сауалына Дәурен Айдарқұлов:

«Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар?» – деп қысқа қайырды.

Иә, Дәурен Ақботаның халі жақсы екенін аңғартты.

Ал, ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақбо?

  • 11 Сәуiр 2017
  • 6399
Фото - Caravan.kz

«Ақботаның қалы қалай?» деген тілші сауалына Дәурен Айдарқұлов:

«Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар?» – деп қысқа қайырды.

Иә, Дәурен Ақботаның халі жақсы екенін аңғартты.

Ал, ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақботаның тойы қашан?

«Тойына? Той деп әлі ешкім айтқан жоқ маған. Бота ондай ақпарат таратқан жоқ. Той болады, осы күні келіңдер деп… Дәуренмен сол бір көрген кезде ғана амандасып қаламын. Ал, енді былай ол кісінің номері де жоқ», – дейді Ақботаның бұрынғы топтасы Жұлдыз Өмірғали.

«Әлі шақырған жоқ! Мүмкін енді ол жағын ойластырып жатқан болар», – дейді «KeshYOU» тобының қыздары.

Ұзын құлақтан естуімізше, Ақбота мамырдың мамыражай күндерінде ана атанады екен. Жұмыстан қолы босамайтын құрбылар, тек әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұратындарын айтады…

«Әрине, біз 2 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін жағдай сұрасып тұрамыз. Былай кездесуге уақытым аз. Сондықтан, мен оның жағдайын сұрап, денсаулығын сұрап, солай ватсап арқылы», – дейді «KeshYOU» тобының әншісі Балжан Бидаш.


«Бір жарым айдай сөйлеспей кеттік. Содан телефон номерін ауыстырып, хабарсыз кетті. Сосын мен өзім іздеп тауып алып, нөмерін алып, қал жағдайын сұрап, сол бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз», – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Ал, Бағым ханым, Ақботаны жарты жыл бойы көрмеген. Тіпті, шәкіртінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары жайлы да білгісі келмейді.

«Ақбота «Кешьюден» кетерде менімен қоштасып, сау айтуға да шамасы келмеді. Сондықтан, оның қал-жағдайын білуге құштар емеспін. Мүмкін жастығы болар. Біздің топтағы ән салған қыздар әр түрлі жағдаймен ұжымдағы жұмысын тоқтатып жатады, менің оған етім үйреніп кеткен», – дейді продюсер Бағым Мұхитденова.

Ал Дәурен жеке өмірінен гөрі, шығармашылығына қызыққандардың саны артсын деді ме, құпияның ақиқатын ашпады.

«Құпия бола берсін онда, ол да қызық қой…» – деді ол елді қызықтырып.