Бұлтуралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жаңа қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек;
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Айта кетсек, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.