"Жаңа Қазақстан дегеніміз - егемен еліміздің болашақтағы бейнесі" - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңа Қазақстан дегеніміз - егемен еліміздің болашақтағы бейнесі" - Тоқаев

"Жаңа Қазақстан дегеніміз - егемен еліміздің болашақтағы бейнесі" - Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Жаңа Қазақстан туралы айтты.

  • 16 Наурыз 2022
  • 64
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Құрметті Отандастар! Менің бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымды едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек. Заң жобасын әзірлеп, қабылдау едәуір уақытты алатын күрделі жұмыс. Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Сондай-ақ, ішкі, сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек. Біз тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтардан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға әсер ететіні анық. Бірақ, заман қаншалықты күрделі болса да біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағлым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Біздің мұратымыз — Жаңа Қазақстанды құру. Жаңа Қазақстан дегеніміз — егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңін сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел болатынына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады", — деді Қасым-Жормарт Тоқаев.