Жаңа Қазақстанды құруда елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек – Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа Қазақстанды құруда елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек – Тоқаев

Жаңа Қазақстанды құруда елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек – Тоқаев

"Елімізде жаңа партиялар пайда болады, ал жұмыс істеп тұрған партиялар өз қызметтерін өзекті ағым мен азаматтардың талаптарына сәйкес қайта қарастырып, өзгертуді қолға алады. Біз жалпы партия өрісі белсенді әрекет етіп жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуге бастама білдіруі болып табылады, - деп атап өтті ел Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі партияның бірігуін құптайтынын жеткізді.

"Adal партиясының жетекшілері мен м

  • 26 Сәуiр 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі партияның бірігуін құптайтынын жеткізді.

"Adal партиясының жетекшілері мен мүшелеріне осы маңызды шешімдері үшін ризашылығымды білдіремін. Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан Adal партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. Adal – өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам уақыт талабы мен қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.