Жарияланды: 530

Жаңа Салық кодексінде алкогольді және темекі өнімдерінің акцизі ставкалары 3 жылдың ішінде біріздендіріледі

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінде алкогольді және темекі өнімдерінің акцизінің ставкалары 3 жылдың ішінде біріздендіріледі. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылдан бастап акциз ставкалары Салық кодексінің мәтініне енгізіліп, елімізде өндірілген алкогольді өнімдерге салынатын ставка 30%-ға көтеріледі", - деді Б.Сұлтанов. "Бұдан кейін ставкалар 2010-2011 жылдарда тиісінше 30 және 40%-ға, импортталатын өнімге салынатын ставка деңгейіне дейін көтеріледі, бұл ДСҰ талабына сай", -деді ол. Министрдің айтуынша, "1998 жылы белгіленген 5000 теңге көлеміндегі жанармай акцизінің ставкасы мен 600 теңге көлеміндегі дизельдік отын акцизінің ставкалары өзгеріссіз қалады". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть