"2009 жылдан бастап акциз ставкалары Салық кодексінің мәтініне енгізіліп, елімізде өндірілген алкогольді өнімдерге салынатын ставка 30%-ға көтеріледі", - деді Б.Сұлтанов.
"Бұдан кейін ставкалар 2010-2011 жылдарда тиісінше 30 және 40%-ға, импортталатын өнімге салынатын ставка деңгейіне дейін көтеріледі, бұл ДСҰ талабына сай", -деді ол.
Министрдің айтуынша, "1998 жылы белгіленген 5000 теңге көлеміндегі жанармай акцизінің ставкасы мен 600 теңге көлеміндегі дизельдік отын акцизінің ставкалары өзгеріссіз қалады".