Жаңа тағайындалған сенаторлар Комитеттерге мүшелікке сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа тағайындалған сенаторлар Комитеттерге мүшелікке сайланды

Жаңа тағайындалған сенаторлар Комитеттерге мүшелікке сайланды

Жақында сайланған сенатор Владимир Бобров Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып сайланды.

  • 15 Қараша 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, депутат Серік Нөгербеков Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары осындай қаулы қабылдады.

Еске сала кетсек, С. Нөгербеков пен В. Бобров босатылған депутаттардың орнына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған болатын.

Серік Нөгербеков бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын. Ал Владимир Бобров «Нұр Отан» ХДП хатшысы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар