Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты

Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа тағайындауларға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар мен холдингтердің лауазым иелерін бұрынғы қызметтен босату туралы жарлықтар мен бұйрықтар шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қазан 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, президенттің жарлықтарымен : Қайрат Нематұлы Келімбетов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалып, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды;

Кәлетаев Дархан Аманұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

Дунаев Арман Ғалиасқарұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

Кенжеханов Асқар Сәкенұлы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар