«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді

«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді

Балалар арасында өткізілген «Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Мұхаммедәлі Жүгінісов үшінші орын алды.

  • 20 Тамыз 2014
  • 1835
Фото - Caravan.kz

10 жасар әнші Сейдолла Бәйтерековтың әйгілі «Әлия» әнін орындап, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Игорь Крутой бастаған қазылар алқасына ресейлік және әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары Филипп Киркоров, Лев Лещенко, Нюша және Алессандро Сафина кірді. Кәсіби мамандардан басқа қатысушылардың өнерін балалардың ата-аналары да бағалады. Олардың қойған бағалары бас төрешілердің баллдарына қосылды.

Мұхаммедәлі «Аялаған Астана» фестивалінде жеңіп, жасөспірімдер арасында өткізілетін ең үлкен музыкалық конкурс — «Жаңа толқын-2014» жарысында ел абыройын қорғауға мүмкіндік алған болатын, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.

Жас орындаушының вокалдан ең алғашқы ұстазы анасы — Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, әкесі — продюсер, ал ағасы Рүстем Жүгінісов қазақстандық «Х-фактор» шоуының қатысушысы.



Айта кетейік, жас өнерпаздар арасындағы бұл халықаралық байқау жыл сайын Қырым қаласының «Артек» балалар лагерінде өткізіледі. Биыл онда әлемнің 11 мемлекетінен: Қазақстан, Ресей, Украина, Армения, Израиль, Румыния, Италия, Молдова, Беларусь, Латвия және Грузиядан келген 17 талапты жас өрен бақтарын сынады.

Перейти к новостям спорта