Жаңа туған шарананы тастап кеткен қашқын ана іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа туған шарананы тастап кеткен қашқын ана іздестірілуде

Жаңа туған шарананы тастап кеткен қашқын ана іздестірілуде

Көкшетауда Шағалалы өзенінің жағасындағы қамыс арасынан жаңа туған нәресте табылды. Баланың шырылдап жылаған дауысын  сол  маңдағы тұрғындар естіпті.

  • 18 Маусым 2011
  • 628
Фото - Caravan.kz

Олардың біреуі жедел жәрдем шақыртқан екен. «Көкек» ана оны туа салысымен  жөргекке де орамай тастап кеткен; шарана әбден тоңып қалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп,  бірден перзентханаға жеткізді. Салмағы  үш жарым келі қыздың денсаулығы жақсы; қазір   дәрігерлердің бақылауында. Ал полиция  сәбидің анасын іздестіруде. Мамандардың айтуынша, әйел сол қамыстың арасында босанғанға ұқсайды.


Ирина Фаюстова,
Көкшетау қалалық перзентханасының  дәрігері:

— Стационарда босанбаған,  тіпті баланың кіндігі де кесілмеген. Тоңып қалыпты. Бірақ дені сау  туған. Қазір қолдан тамақтандырып жатырмыз.

Соңғы жаңалықтар