Жарияланды: 2200

Жаңа түскен келіннің басына шайтан су құю деген де дәстүр шығыпты

Жаңа түскен келіннің басына шайтан су құю деген де дәстүр шығыпты

Қалыңдықтың басына шайтан су құю деген де дәстүр шығыпты. «Естімеген елде көп» деген осы шығар. Шырғалаң заман болды бұл. Жұрт жағасын ұстап жатыр.

Ингушетиядағы Әли-Юрт ауылының басшысы Рашид Гагиев ұлының кесірінен қызметінен кетті. Бұған сол ұлы той кезінде түскен бір видео себепкер, деп жазады Crimerussia.com.

Кіші Гагиевтің өз досының қалыңдығының басына виски құйып жатқан видеосы күллі Ингушетияны дүрліктірді. Жаңа келін басында бұл мазаққа көніп-ақ тұрады. Бірақ сәл уақыттан кейін жыламсырап креслоға сылқ отыра кетеді. Той қонақтарының бірі қалыңдықты қорғағысы келген. Алайда Гагиев оған бой бермейді.

Бұл жігіт осы әрекеті арқылы тау халықтарының «қалыңдықтың тілін табу» дәстүрін орындағысы келіпті. Бірақ мұнда бұрын алкоголь туралы сөз болмайтын. Тек жігіттер қалыңдықтың көңілін көтеруі керек. Ал мында керісінше жылайтындай жағдайға жеткізіп отыр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін