Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты  Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды - Мәсімов

Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды - Мәсімов

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Қаңтар 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, баса назар аударылатын тағы бірнеше сала бар: үкімет үшін әкімшілік реформаларды жүзеге асыру мен экономиканың, соның ішінде шикізатқа жатпайтын саладағы өнімділікті арттыруға басымдық беріледі»,- деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, «экономикалық даму екпінін арттыру үшін үкімет құрылымдық реформалардың екінші кезеңін бастауға тиіс». «Бұл орайда мемлекеттік басқарудағы принциптер сабақтастығы — еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының айрықша маңызды алғышарты»,- деді К.Мәсімов.

«Кезінде сіз мені өзіңіздің көмекшіңіз етіп тағайындадыңыз. Мен қазір де сіздің адал көмекшіңізбін және көмекшіңіз болып қала беремін»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта