Жаңа қағаз ақшалар ескі үлгідегі банкноттармен қатар АҚШ коммерциялық банктері арқылы айналымға енгізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа купюраның қорғаныс элементтері күшейтіліп, түсі өзгертілген. Атап айтсақ, банкнотты жасауда дәстүрлі жасыл түспен қоса көгілдір және шабдалы түстер қолданылды. Сондай-ақ, қағаз ақшаның бетіндегі президент Джексонның сурет көлемі үлкейтіліп, жаңа графикалық элементтер қосылған.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, АҚШ үкіметі жаңа үлгідегі банкноттарды әрбір 7-10 жыл сайын айналымға енгізіп отырмақ ниетте. 20-долларлық купюрадан кейін бірнеше жылда 50 және 100 долларлық банкноттар жаңартылады деп күтілуде. Ал қазір 5 және 10-долларлық қағаз ақшалардың жаңа дизайны қаралуда, алайда, 1 және 2-долларлық банкноттар бұрынғы қалпында қалады делінген баспасөз баянында.