Жаңа «Ұлттық қауіпсіздік» стратегиясы аясында сыртқы қарыздардың деңгейі аспауы тиіс индикаторлар белгіленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа «Ұлттық қауіпсіздік» стратегиясы аясында сыртқы қарыздардың деңгейі аспауы тиіс индикаторлар белгіленеді

Жаңа «Ұлттық қауіпсіздік» стратегиясы аясында сыртқы қарыздардың деңгейі аспауы тиіс индикаторлар белгіленеді

Жаңа «Ұлттық қауіпсіздік» стратегиясы аясында сыртқы қарыздардың деңгейі аспауы тиіс индикаторлар белгіленеді. Бұл туралы бүгін бейне-онлайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сыртқы қарыздың аспауы тиіс деңгейі бар. Ол мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыда билік соңғы 15 жылда бұған өте үлкен маңыз беріп келеді.

«Қазақстанның сыртқы қарыздары соңғы жылдары 10 пайыздан ешқашан аспаған. Тек 4, 6, 8 пайыздық шамада болып келді. Бұл біздің шегіміз болуы тиіс. Орайы келгенде ол қарыздарды азайтып отырамыз», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, екінші бір мәселе, мемлекетпен қамтамасыз етілмейтін қаржы институттары — банктердің сыртқы кредиторлар алдындағы қарыздары болып отыр.

«Дағдарыс болмай тұрып, банк басшылығы бұл мәселеде Үкіметке араласпауын сұрап, сыртқы кредиторлармен жұмысы өз ісі екенін айтып ат-тондарын ала қашқан болатын. Жақсы кезеңдерде бұны айтуға әркім-ақ бара алады, ал енді проблемалар пайда болған кезде, бұл тағы да Үкіметтің мойнына артылып шыға келді. Бізге қаржы институттарының сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауға оған моральдық, физикалық және қаржылық ресурстарды жұмсауға тура келді», — деп атап көрсетті ол.

К. Мәсімовтің атап өткеніндей, мемлекет оған міндетті болмаса да, бұл үдерісті реттеуге тиіс. Және Үкімет бұл үдерісті жөнге келтіру және қысқарту бойынша іс-қимыл жасап жатқан көрінеді.

«Жақын күндері Мемлекет басшысының қарауына жіберілетін жаңа «Ұлттық қауіпсіздік» стратегиясы аясында осы мәселелердің барлығы қарастырылуда және онда сыртқы қарыздардың деңгейі аспауы тиіс индикаторлар белгіленеді. Бүкіл жауапкершілікпен мәлім етемін, біз аталған «қызыл» межеден асқан жоқпыз. Қазақстандағы жағдай Еуропалық Одақ мемлекеттерінің кез келген мемлекетінен жақсырақ», — деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар