«Қазіргі таңда валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы жаңа заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр. Бұл жоба ұлттық валютаның толыққанды конвертациялану принципіне сатылы түрде көшуі үшін тиімді нормативтік-құқықтық база қалыптастыру үшін жасалған»,- деді Ә.Сәйденов.
Заң жобасы бойынша сыртқы сауда-саттық жөніндегі нақты келісім-шарттардың мерзіміне байланысты валюта түсімдерін репатриациялау талабы қойылатын болады. «Бұл валюта сауда-саттығын жүзеге асыру тәртіптерін біршама жеңілдетіп, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардың валюталық заңнама талаптарын орындауға байланысты шығындарын азайтады»,- деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, бұл заңды қабылдау валюталық реттеуді оңтайландыруға, капитал ағыны туралы ақпараттық базаның қайнар көздері мен параметрлерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар үшін валюталық режимді одан әрі ырықсыздандыруға нақты бағдар ұстануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ә.Сәйденовтың пікірінше, жаңа заң жеке меншік сектордың инвестициялық шешімдер қабылдауына мемлекет тарапынан әкімшілік жолмен араласудан қашқақтауға мұрсат береді.