Жарияланды: 420

Жаңа заң жобалары жұмысшы тобында да, Парламентте де, қолданыста да қазақша сөйлеп, елге қызмет ететіндей болуы керек

Қазір арыз- шағымдардың басым көпшілігіне негіз боп отырған жағдай қылмыстық іс жүргізу процесіндегі тіл мәселесінің бұзылуы болып отыр.

Оны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков бүгін Алматыда «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиынында айтты. «Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылы қабылданған. Ол кезде біз де судья боп істедік. Оның қазақ тіліндегі нұсқасында мыңдаған қателіктер кеткен. Үкім шығаратын кезде қазақ, орыс тіліндегі мәтінді алдымызға қатар қойып отыратынбыз. Сот процесіне қатысты «тұрыңыздар, сот келеді!» деген сөздің өзі қылмыстық кодекстің қазақшасында жоқ болатын. Сондықтан алғашқы күнен бастап жұмысшы тобында да, ертең Парламентте де, одан кейін қолданыста да бұл қазақша сөйлейтін заң болуы керек, елге қызмет ететіндей. Бүгінгі берілген құжаттардың ішінде қазақша матриалдар да жоқ екен. Осыған назар аударғанымыз дұрыс па деп ойлаймын», - дейді Мәжілістің Заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Құмарбекұлы. Оның айтуынша, соңғы уақыта шетелден мыңдаған отандастарымыз елге келіп жатыр. Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасы осы уақытқа дейін шетелден миллионан астам адам келгенін, алда әлі де күтіп отырмыз дегенді айтты. Олардың басым көпшілігі орыс тілін білмейді. Азаматтардың арыз-шағымдарының басым көпшілігінде сот процесінде тіл мәселесінің бұзылуына бұл жағдай негіз боп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть