Жаңа заң жобасы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуды көздемейді - Ә.Бәйменов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа заң жобасы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуды көздемейді - Ә.Бәйменов

Жаңа заң жобасы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуды көздемейді - Ә.Бәйменов

Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген

  • 1 Қараша 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуды көздемейді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов айтты.

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, аталған құжатта мемлекеттік қызметкерлердің санына қатысты ештеңе айтылмаған. «Мемқызметкерлердің саны басқа заңнамалық актілермен реттеледі. Сондықтан жаңа заң жобасында ол мәселе қарастырылмайды», — дейді Ә.Бәйменов.

Дегенмен, ол қазіргі кезде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің арнайы сараптама жүргізіп жатқандығын жеткізді. Оның негізгі мақсаты — мемлекеттік органдар арасында қадрлық ресурстарды тиімді тарату.

«Болашақта саяси және әкімшілік қызметкерлердің арасалмағы өзгереді. Жоспарға сәйкес, саяси шенеуніктердің саны қысқартылады. Ол шара мемлекеттік қызмет сапасын арттыруды көздейді», — деп атап көрсетті Ә.Бәйменов.

Соңғы жаңалықтар