Жаңа заң жобасына сәйкес Әзербайжандағы жоғары лауазым иелері кіріс декларациясын толтыратын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа заң жобасына сәйкес Әзербайжандағы жоғары лауазым иелері кіріс декларациясын толтыратын болады

Жаңа заң жобасына сәйкес Әзербайжандағы жоғары лауазым иелері кіріс декларациясын толтыратын болады

Әзербайжанда мемлекеттік қызметкерлердің мүлік және кіріс декларациясын толтыруын қарастыратын "Лауазым иелерінің қаржылық сипаттағы мәліметтер беру тәртібі" атты заң жобасы жасалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 16 Ақпан 2005
  • 530
Фото - Caravan.kz

Заң жобасына сәйкес, ел басшысы, парламент төрағасы, үкімет басшысы, Есеп палатасы, Конституциялық сот пен Жоғарғы соттың басшылары, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен президент әкімшілігінің жетекшісі өз мүлкі мен кірісі туралы мәліметті жыл сайын беріп тұруы тиіс. Сонымен бірге жоғары лауазым иелерінің отбасы мүшелеріне де кірісі мен мүлкі туралы ақпаратты жария етіп отыру міндеттеледі. Заң жобасы 11 баптан тұрады.

Құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс мәселелері бойынша парламенттік комиссияның жетекшісі Али Гусейновтың пікірінше, бұл заң жобасы мемлекетке сыбайлас жемқорлықпен нақты күресуге мүмкіндік береді. «Кейбір құрылымдарда сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы әңгімелер көп болғанымен , оның деңгейі өзгеріссіз қалуда. Заң қабылданғаннан кейін жемқорлықпен күреске шындап ден қоюға құқықтық база қалыптасады»,- деді ол.
Заң жобасы Әзербайжан парламентінде көктемгі сессияда талқыланады деп күтілуде. Ал сессия жұмысы 2005-жылғы нурызда басталады.

Перейти к новостям спорта