Жаңа зауыт Кеден одағының барлық кеңістігін электровоздармен қамтамасыз ете алады - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа зауыт Кеден одағының барлық кеңістігін электровоздармен қамтамасыз ете алады - Елбасы

Жаңа зауыт Кеден одағының барлық кеңістігін электровоздармен қамтамасыз ете алады - Елбасы

Астанадағы жаңа зауыт Кеден одағының барлық кеңістігін электровоздармен қамтамасыз ете алады.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада жаңа электровоз құрастыру зауытын іске қосу салтанаты аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Шара барысында Елбасы Қазақстанның индустрияландыру жобаларына, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелсіздендіріп, әртараптандыруға бағытталған жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте Президенттің айтуынша, соңғы 2,5 жылда елімізде 550 жаңа кәсіпорын ашылып, жүздеген мың жұмыс орындары құрылған. «Біз электровоз шығаратын зауытты іске қосып отырмыз. Жалпы темір жол көлігі — бұл экономиканы дамытудың күретамыры, онсыз, тасымалсыз экономика дамымайды. Сондықтан да біз осы инфрақұрылымға барынша назар аударып келеміз. Мемлекет тарапынан да қомақты қаражат жұмсалуда. Ал тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 1100 шақырым теміржол құрылысы салынды, бұндай жұмыс ТМД кеңістігінде болған емес», — деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы «Жезқазған-Бейнеу» бағытында теміржол құрылысы салынып жатқанын, оның ұзындығы бұдан да артық болатынын жеткізді.
«Жалпі еліміздің тепловоз паркі де, электров паркі де тозған, бізде жүк таситын да, жолаушы тасымалы үшін де теміржол вагондары жеткіліксіз. Бұған дейін тепловоз зауытын салғанбыз, енді міне, электровоз зауыты іске қосылды. Мен еңбек өнімділігі жоғары болып табылатын технологиялық зауытты ашып отырғанымызға қуаныштымын. Мен ТМД мен басқа да аумақтағы достарымыздың бұған қызығушылық танытқанына ризамын, барлық теміржол нысандарына қатысты электровоздармен қамтамасыз ету мәселесін ТМД елдерінің барлығына жеткізетін боламыз», — деді Н. Назарбаев.