Жаңа жәрдемақыға елордалық 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жәрдемақыға елордалық 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы ие болды

Жаңа жәрдемақыға елордалық 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы ие болды

Биыл 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

  • 6 Қаңтар 2020
  • 34
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдай бойынша елордалық 15 мыңнан аса отбасы аталмыш жәрдемақыға ие болып отыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес, жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленеді. Атап айтқанда, 4 балаға — 42 496 теңге, 5 балаға — 53 127 теңге, 6 балаға — 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға — 74 388 теңге.

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу қажет.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша бұрын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алған 10 266 көпбалалы отбасыға төлемдер автоматтандырылды. Ал 2018-2019 жылдары туылған 4 және одан да көп баласы бар 5 075 отбасыға мемлекеттік жәрдемақы қайта тағайындалды.


Егер отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болса немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы болса, азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алатындығын айта кеткен жөн.

Еске салайық, 2020 жылдың 1 тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі — 34 654 теңге, КШ — кедейлік шегі — 24 258 теңгені құрайды.