"Жаңа Жібек жолы" ақпараттық шеруіне қатысушылар Түркістаннан Таразға жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңа Жібек жолы" ақпараттық шеруіне қатысушылар Түркістаннан Таразға жол тартты

"Жаңа Жібек жолы" ақпараттық шеруіне қатысушылар Түркістаннан Таразға жол тартты

"Жаңа Жібек жолы" ақпараттық шеруіне қатысушлар Түркістаннан Таразға жол тартты. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің басмпасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Қазан 2012
  • 498
Фото - Caravan.kz

Ақпараттық шерудің екінші күнін олар Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін аралаудан басталды. Түркістан арқылы өтетін бір де бір турист бұл қасиетті орынды айналып өтпейді.

Бұл тарихи ескерткішті аралағаннан кейін шеруге қатысушылар өз сапарларын жол бойымен жалғастырды. Жолаушылар бағдарының келесі аялдамасы «Поско Инжиниринг» корей компаниясының учаскесі болды. Онда қазіргі кезде цемент-бетон төсеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов шеруге қатысушыларға шағылтас-мастикалық асфальт-бетон мен цементті-бетонның айырмашылығы туралы әңгімеледі. З.Сағынов «цементті-бетонның артықшылықтары қатарына оның жоғары беріктігінің жоғарылығын, тегістігін, сонымен бірге автомобиль доңғалағы шинасының жолдың беткі бедерімен тайғанақтамай жақсы ілінісуін қамтамасыз ететіндей кедір-бұдырлығының жеткіліктілігін жатқызуға болады», — деп атап өтті.

Түркістан — Шымкент учаскесінде 24 қазанға дейін 119 км цементті-бетон төселіп үлгерілгендігін атап өткен жөн.

Баспасөз шеруіне қатысушыларға бетонтөсегіш кешеннің жұмысы таныстырылды. Олар осы нысанның басында тәжірибеге өздері де араласты. Онда бетон қоспасының сапасын анықтап, қатып үлгерген бетон үлгісін лабораторияда одан әрі зерттеу үшін өздерімен бірге ала шықты.

Лабораторияға барар жолда баспасөз шеруіне қатысушылар жолшылардан бетон жамылғыны не үшін тіліп отырады және көктайғақ болған кезде оған неге ештеңе себілмейді деген сауалдарына жауап іздеді. Автомобиль жолдары Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің директоры Арман Қайырбековтің түсіндіруінше «Бұның бәрі технологияның талаптары. Бетон жамылғылар бірдей тақталарға арнайы тілінеді. Су құйған стақанды аязбен қатырса не болады? Ол жарылып кетеді, өйткені ол қатқанда көлемі өзгереді. Бетон да тура сол сияқты температураның алмасуынан өзгеріске ұшырайды. Сондықтан бетонды тілмесе, ол жарылып тынады. Ал енді көктайғақ кезде бетон үстіне құрылыстан кейінгі тек алғашқы жылы тұз шашылмайды. Бұл да технология талаптарына байланысты».

Лабораторияда арнайы аспаптар арқылы бетон үлгілерінің сапасы тексерілді, атап айтқанда, материал қирайтындай қысым көрсеткіші сияқты параметрлер анықталды.

Тараздан 70 км жерде ақпараттық тур командасына «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолының құрылысын бақылаумен айналысатын, қазіргі уақытта Қазақстанда жүрген австралиялық Даг Дэвис қосылды. Ол өзінің бұдан бұрынғы құрылыстарға, атап айтқанда, «Формула — 1» жарыс трассасының жобасына қатысқандығын айта келіп, өзінің қазіргі міндеттеріне де тоқталды.

Шерудің екінші күнін аяқтай келе ақпараттық шеруге қатысушыларға жол бойына белгілер қалай салынатындығы көрсетілді. Ертеңінде олардың «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралінің Жамбыл облысындағы бір учаскесінде жол қозғалысын ашуға қатысуы межеленген.

Бұл жобаны «Қазақстан» РТРК және Қазақстан Автожолшылар ассоциациясымен бірлесіп әзірлеген ҚР Көлік және коммуникация министрлігі екендігін еске саламыз. Кеше, 23 қазанда «Жаңа Жібек жолы» ақпараттық шеруіне қатысушы 12 адам Қызылорда қаласынан Түркістан қаласына сапар шекті. Жол бойы олар битум, шағылтастың қалай өндірілетін көріп, материалдар сапасы қалай тексерілетінімен танысып, асфальт-бетонның қалай төселетіндігін қарады, сонымен қоса ежелгі Сауран қаласында болып үлгерді.

Ақпараттық шерудің екінші күні қалай өткендігін сіздер бүгін «Қазақстан» (Жаңалықтар, 20.30) және «Первый канал «Евразия» (Новости, 18.30) телеарналарынан көрулеріңізге, «Қазақпарат» және Twitter (#ZEZK) ленталарынан оқуларыңызға болады.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралін қайта салу Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы қолға алынды. Батыс пен Шығысты жалғаған сауда магистралі — «Ұлы Жібек жолын» бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртуды Елбасы өзі ұсынған еді. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдар қабылданып, жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл жоба Қазақстан үшін еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстігі мен батыс өңірлерінің бір-бірімен сенімді көлік байланысын орнатуы үшін де тартымды.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бұл — Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа жолы. Бұл қашықтықты аталған көлік дәлізімен жүріп өтуге 10 күн кетеді, ал темір жол арқылы жүріп өтуге 15 күн жұмсалатын болса, теңіз арқылы аталған қашықтықты жүріп өтуге бір жарым ай уақыт (45 күн) кетеді.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық учаскесінің ұзындығы 2 787 км құрайды, соның 2 452 км қайта салуды қажет етеді. Қазір құрылыс жұмыстары 4 облыста: Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда 34 учаске бойынша 1 621 км жолы бойында жүргізілуде. Бүгінге 215 км құрайтын Қарабұтақ — Ырғыз — Қызылорда обл. шекарасы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 700 км жолды тапсыру көзделуде. Қазақстандық учаскені толық аяқтау және пайдалануға беру 2015 жылға жоспарланып отыр.