Жаңа жыл мейрамына қарсы Семейліктер жылусыз қалуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл мейрамына қарсы Семейліктер жылусыз қалуы ықтимал

Жаңа жыл мейрамына қарсы Семейліктер жылусыз қалуы ықтимал

Жаңа жыл мейрамына қарсы Семейліктер жылусыз қалуы ықтимал. Бұл туралы қала халқына арнаған шұғыл мәлімдемесінде Семей әкімі Нұрлан Омаров мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 343
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қалалық бу қазандықтарында қалған көмір қоры 6 күнге жетеді. Ал қала тұрғындарының «Қаражыра» көмір кенішіне берешегі 46 млн. теңгеден асты, деді Н.Омаров. «Егер көмір кенішіне берешек өтелмесе, Жаңа жылға бір күн қалғанда Семейліктер жылудан құралақан қалуы ықтимал»,- деді әкім.

Берешек мөлшерінің арта түсуіне байланысты «Қаражыра» көмір кенішінің басшылығы Семейдегі бу қазандықтарына көмір беруден бас тартқан. «Өз басым қазан, қараша және желтоқсан айларында қалада тұрақты жылу болуы үшін барымды салдым. Бірақ бұл проблеманы мен ұдайы шешіп отыра алмаймын. Бәрі қала тұрғындарының төлемдік қабілетіне байланысты»,- деді өз мәлімдемесінде әкім. «Бүгінде қазандықтарда 6 күндік көмір қалды. Ал бүкіл қыс бойына 400 мың тонна отын қажет. Бұл жарты миллиард теңгеге тең. Жағдай апат алдында деуге болады»,- деді ол.
Осыған байланысты Н.Омаров қала тұрғындарын берешекті 2-3 күнде өтеуге шақырды.

Перейти к новостям спорта