Қымбатшылық акциз құнының көтерілуімен тікелей байланысты екен. Өйткені, Қазақстанда 1-ші қаңтардан бастап шылымға қосымша салық 30 пайызға артады. Оның үстіне еліміз халықаралық темекіге қарсы конвенцияға кіргелі бағаны осылай жиі өзгертуге міндетті. Шылымның құны қымбаттаған сайын оны тұтынушылардың саны азайып, жұрттың денсаулығы жақсарады деген үміт бар. Сондай-ақ, Үкімет отандық акциздерді Кеден одағы аясындағы көршілеріміз Ресей мен Беларусьқа теңестіруді де көздеп отыр. Бұл саладағы тағы бір жаңалық — жаңа жылдан бастап шылыммен қоса спирттік ішімдіктердің де бағасы өседі.
Ерлан Айтбаев, Салық комитетінің бас сарапшысы:
-Қазіргі ең төменгі мөлшер алкоголь өнімдеріне 1120 теңге 1 литрге, яғни, жарты литрге 560 теңгені құрайды. Келесі жылдан бастап 1300 теңге болады, жарты литрге 650 теңге болады.