Жаңа жылдан бастап павлодарлықтар жылуға сараланған тарифтер бойынша төлейтін болады
Жаңа жылдан бастап павлодарлықтар жылуға сараланған тарифтер бойынша төлейтін болады, |
деп хабарлады Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінен.
Жылу есептегіш құралдары бар тұрғын үйлерде төлем мұндай құрылғылары жоқ үйлермен салыстырғанда - екі есеге төмен. Есептеуіш құрылғыларын орнатқан тұрғындар жылу пунктінің түріне байланысты 1 Гкал үшін 999-дан 1011 теңгеге дейін төлейтін болады.
Жылу есептеуіш құрылғылары жоқ көпқабатты үйлердің тұрғындары 1 Гкал үшін 2027 теңге төлейтін болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін