Жарияланды: 300

Жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтардың жинақтағы ақшасын шешіп алуына бола ма?

Жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтардың  жинақтағы ақшасын шешіп алуына бола ма?

Зейнетақы жинағын мерзімінен ерте алуға бола ма? 

БЖЗҚ АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жинағын мерзімінен ерте неге алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамда екіұдай пікір туғызып отыр.

«Әлемде кейбір елдерде ондай тәжірибе бар. Бірақ, ол елдерде жинақ көлемі жоғары. Мәселен, Сингапурда зейнетақы салымы жалақының 40%-ын құрайды. Егер, Қазақстанда да сондай жағдай болса, онда ақшаны алудың жөні бар»,- деді Нұрбүбі Наурызбаева.

БЖЗҚ басқарма төрайымының айтуынша, қазақстандықтардың орташа салымы 1 млн теңге көлемінде.

«Бұл қаржы бәрін қамтуға жетпейді. Қазір азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 72 жас, әйелдерде - 76 жас. Кей аймақтарда одан да көп өмір сүреді. Елестетіп көріңіз, 1 млн теңге зейнеткердің қанша жасына дейін жетеді? Сондай-ақ, 39 жасқа толмаған азаматтар шоғырландырылған зейнетақыны алмайды. Оларға тек базалық зейнетақы мен өздерінің жинаған сомасы беріледі.  Осыны ескере отырып, зейнетақы салымын зейнеткерлікке шықпай тұрып басқа мақсатта алу туралы айтудың өзі дұрыс емес деп санаймын», - деді Нұрбүбі Наурызбаева.

Басқаша айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының алаңсыз қартаюына жағдай жасап, қартайған кезде қаржылық қиындық көрмеуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр. Бірақ БЖЗҚ бұл сұраққа байланысты әзірге қандай да бір болмасын ұсыныс енгізуден бас тартып отыр», - деді ол.

Айта кету керек, жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен азаматтар өздерінің жинағын бірден шешіп ала алмайды. 
ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар ақшасын бұрынғыдай бірден емес, ай сайын алатын болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін