Жарияланды: 310

Жаңа жылға бірер минуттар қалғанда көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды, бір адам қаза болды

Қарағандыда 31 желтоқсан күні сағат 23.11-де бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен анықтағандай, жалын 41 минуттың ішінде ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы тартылды. Құтқарушылар 10 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде 2 бала бар. Өрт орнында 29 жастағы әйелдің денесі табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін