Жаңа жылға бірер минуттар қалғанда көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды, бір адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылға бірер минуттар қалғанда көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды, бір адам қаза болды

Жаңа жылға бірер минуттар қалғанда көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды, бір адам қаза болды

Қарағандыда 31 желтоқсан күні сағат 23.11-де бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 294
Фото - Caravan.kz


ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен анықтағандай, жалын 41 минуттың ішінде ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы тартылды. Құтқарушылар 10 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде 2 бала бар. Өрт орнында 29 жастағы әйелдің денесі табылды.