Кездесуде екі ел арасындағы тату көршілік, достық және іскерлік қарым-қатынастардың ілгері дамып келе жатқаны сөз болды. Қытай еліңде алты жыл елшілік міндетті атқарған сенатор мырза елшімен қызметтес болған жылдарды жылы лебізбен еске алды. Сондай-ақ, әңгіме барысында Қуаныш Сұлтанов екі жақты парламентаралық байланыстарды дамыту қажеттігін айта отырып, Чжау Саяопей мырзаның елшілік қызметіне сәттілік тіледі.