Жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан халқы мен президентіне ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан халқы мен президентіне ант берді

Жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан халқы мен президентіне ант берді

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздегі бірқатар лауазымды қызметтерге жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер бүгін Ақордада салтанатты түрде ант берді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қазан 2006
  • 460
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, Астана қаласының әкімі Асқар Мамин, Атырау қаласының әкімі Бергей Рысқалиев, Алматыдағы аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов пен президент күзетінің бастығы Мұхтар Аюбаев Қазақстанның халқы мен президентінің алдында ант берді.

Мемлекет басшысы : «қазір алдымызда 50 дамыған елдің қатарына кіру мақсаты тұр және осы бір күрделі жолда мен сендерге сенемін» деп атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта