Жаңаөзен атауын ауыстыру жөніндегі ұсыныс орынды - Ш. Есенов атындағы КМТжИУ профессоры Юсиф Кулиев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзен атауын ауыстыру жөніндегі ұсыныс орынды - Ш. Есенов атындағы КМТжИУ профессоры Юсиф Кулиев

Жаңаөзен атауын ауыстыру жөніндегі ұсыныс орынды - Ш. Есенов атындағы КМТжИУ профессоры Юсиф Кулиев

Ол туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші.

  • 4 Қараша 2012
  • 630
Фото - Caravan.kz

Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Жұртшылық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған», — дейді Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Юсиф Кулиев.

Бұл өсіп келе жатқан ұрпақты рухани тәрбиелеуге ықпал етеді. Жастар Бекет ата тәрізді қазақ халқының тарихи тұлғаларының өмірінен тәлім алуы тиіс. Өйткені ол адамгершілікті, адалдықты, сүйіспеншілікіті насихаттаған, деп есептейді ғалым. Ол мұнайшылар қаласының атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдайтынын айтады. Және де бұл оқиға оңды қадамдардың бастауы болады деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар